Файлдар мен бумалар
3 сыныпқа арналған файл және бума тақырыбынан сабақ жоспары.
Содержимое разработки
Файлдар мен бумалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2.4.2. Файлдар, бумалар және белгішелер ұғымы жайлы мәліметті қалыптастыру;
Барлық оқушылар: Wi ndows негізгі нысандарының анықтамалары және сипаттамасымен танысу;
Көптеген оқушылар: Файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін, бумаларды, жарлықтарды құра алады;
Кейбір оқушылары: сандарға атау береді және бума мен жарлық жасайды;
ОЖ, Windows, файл, бума, жарлық
Файл, бума, жарлық сөзінің үш тілде аталуын біледі.
Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Бірлесіп жұмыс жасауға, жауапкершілікке , топта жұмыс жасау құндылықтарын дамыту
Дүниетану, бейнелеу, ағылшын, орыс тілі
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу)
Барысы: Оқушыларға 90 ға дейн
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында «сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы өткенді қайталау
Компьютер дегеніміз не?
Компьютер не үшін керек?
Компьютерде ақпарат қалай сақталады?
Ақпаратты қай программада сақтаймыз?
Стандартты программалардың ішіндегі мәтіндік редактордың бірі-Блакнот .
Сақталған құжатты қалай аталады?
Компьютер программаларында сақталған құжат файл деп аталады.
Файл (ағылшынша — file) ақпартты компьютердің жадында сақтайтын , атауы бар құжат.
Файл атауы екі бөліктен тұрады.
Файлдың кеңейтілімі оның типін көрсетеді.Мысалы .txt-text- мәтін.
Файлдың атауы 255 символдан аспауы тиіс.
Файл атауына /\?:*!) символдарды пайдалануға болмайды.
Бума –файлдар мен басқа да бумаларды белгілі тәртіппен сақтайтын орын.
Бумалар сандықшалар сияқты бірінің ішіне бірі орналаса береді.
Буманың сандықшаларға ұқсастығы
Таңбаша (ярлык)бумадан айырмашылығы оның сол жақ төменгіә бұрышында кішкене бағыттаушысы болады..Таңбашаны өшірсекте , негізгі файл жойылмайды.
Таңбаша –бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар нысанның таңбасы.Фвйлдарға сілтеме түрінде беріледі.
«Файл»деген сөзді тек компьютермен жұмыс барысында ғана емес , күнделікті өмірде жиі қолданамыз.Файл деп қағаз құжаттарды салуға арналған пластик мөлдір пакетті де айтамыз.
Кері байланыс. Оқушылар сабақ барысы туралы «Алма ағашы» жасыл, сары, қызыл түсті стикерлерге өз әсерлерін жазып тақтаға іледі.
Бағалау: Сабақ соңында оқушылардан бағалау парақшаларын жинақтаймын. Әр оқушының жинаған түсіне сәйкес топ басшының қойған бағалау парақшасына қарап ауызша бағалаймын.
Үйге тапсырма: § 5 Талдап, Салыстырайық
Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы
Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки
Комплекты учителю
Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы
Вебинары для учителей
Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.
© 2014 – 2021, Общество с ограниченной ответственностью «КОМПЭДУ»
Свидетельство выдано Администрацией Ленинского района г. Могилева 19.06.2013
212030, РБ, г. Могилев ул. Ленинская д. 63 оф. 503
УНП 790867878, ОКПО 300728017000
Банк: ОАО «Приорбанк» ЦБУ 300 БИК PJCBBY2X г. Могилев ул. Первомайская, д. 63
Информатика пәнінен «Windows файлдары және бумалары. Файлдық құрылыммен жұмыс» тақырыбында сабақ жоспары
Са бақтың технологиялық картасы
Сабақтың нөмірі, тақырыбы
3 Тарау . Windows операциялық жүйесі
3.1 Windows негізгі объектілері және басқару әдістері. Windows файлдары және бумалары. Файлдық құрылыммен жұмыс
Студенттерге Windows негізгі объектілері және басқару әдістері. Windows файлдары және бумалары. Файлдық құрылыммен жұмыс туралы түсінік беру.
жаңа материалдарды өткен тақырыптармен байланыстыра отырып түсіндіріп, алынған білімдерді бекіту, студенттердің білімдерін ойын элементтерін қолдану арқылы тексере отырып, жаңа білімдер беру
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, еріктілікті, ғылыми дүниетанымын, қабілеттілік пен белсенділікті, танымдық, қызығушылықты дамыту.
ақпарттық мәдениетке, ұқыптылыққа және ұжымдылыққа, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер, плакаттар, кестелер, сызбанұсқалар, үлестірме материалдары )
үлестірме материал, ЭЕМ, әдістемелік нұсқау
Сабақта қолданылатын электронды ресурстар (универсалды, Интернет желісі ресурстары, CD-ROM, бейнематериалдар,флипчарттар, презентациялар, электронды плакаттар, электронды оқулық және т.б.)
Интернет желісі ресурстары, бейнематериалдар, « Windows операциялық жүйесі », « Файлдық құрылыммен жұмыс » презентациялар.
Жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (локал дық желі, интернетке қосылу, мультимеди ялық компьютер, бағдарламалық құралдар )
М ультимеди ялық компьютер, проектор
Интернет тегі білім ресурстары
Практикалық-лабораториялық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар
Компьютер, интерактивті тақта
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жапарова Г.Ә., Информатика негіздері. Оқу құралы. Алматы:Экономика, 2006-296 бет.
Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Информатикадан 30 сабақ .Алматы:1999;
Инчин А.С. Работа персональном компьютере.Алматы 2002;
Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Операционная система Windows 98.
Сабақ кезеңдерінің мазмұны
Студенттерді сабаққа дайындау. Оқу көрнекіліктерін дайындайды.
Студенттердің қатысымын тексереді, кабинет тазалығын қадағалайды, студент. жұмыс ырғағына бейімдейді.
Оқу құралдарын дайындайды
Жан – жақты білімдерін тексеру
« РС шеткері құрылғылары. Құрылғыларды қондыру .» тақырыбы бойынша білімдері тексеріледі.
Жалпы сұрақтар қойылады.
Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар орындайды.
Үй тапсырмасын тексеру
Ойын элементтерін қолданып үй тапсырмасы тексеріледі. “ РС шеткері құрылғылары. Құрылғыларды қондыру » презентациялары қолданылады.
Үй тапсырмасын тексеру жолдары:
1. Интелектуальдық ойын
Сұрақтарға жауап береді
Жаңа сабақ түсіндіру
« Windows негізгі объектілері және басқару әдістері. Windows файлдары және бумалары. Файлдық құрылыммен жұмыс » тақырыбындағы презентациялар қолданылады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
бойынша конспект толтыруды түсіндіреді.
Бейнематериалдар арқылы Linux ОЖ файлдық жүйесі түсіндіріледі.
Оқытушыны тыңдайды, керекті мағлұматтар бойынша конспект
Жаңа тақырыпты бекіту
« Windows файлдары және бумалары. » сұрақтар қою арқылы бекіту
» Windows операциялық жүйесі » түсіндіреді
Сұрақтарға жауап беру, компьютерде жұмыс жасау
Алған білімдерін қорытындылап, үйге тапсырма беріледі.
Үйге тапсырма береді. Студенттерді бағалайды, сабақты қорытындылайды.
Үй тапсырмасын жазып алады..
Үй тапсырмасын тексеру.
Жан-жақты білімдерді тексеру тапсырмалары.
Windows – объектілі-бағытталған жүйе. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі өзегі – мәліметтерді программалар басқармайды, керісінше мәліметтер программаларды басқарады. Windows жүйесінің тағы да бір маңызды мінездемесі – онда әртүрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу технологиясының жүзеге асырылуы, олар:
— мәліметтерді алмасу буфері арқылы беру (Clipboard);
— DDE (Dynamic Data Exchange);
— OLE (Object Linking and Embedding);
Windows операциялық жүйелеріне тән негізгі ерекшеліктер :
— олардың негізгі кілттік идеясы программалардың компьютердің аппараттық бөліктерінен толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, яғни программалық үйлесімділік;
— біртұтас қолайлы графикалық пайдаланушы интерфейсі;
— желілік ортада жұмыс істеу мүмкіндігі;
— әртүрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу құралдарының әмбебап жүйесінің болуы.
Windows-та графика да әмбебап болып табылады, сондықтан нақтылы дисплей немесе принтер типімен үйлесілімділікті қамтамасыз ету мәселесі жойылады.
Алмасу буфері – мәліметтердің белгілі басқа программаларға немесе компьютер жадының басқа аумағына көшіру кезінде оларды уақытша сақтауға арнайы бөлінген жадтың динамикалық көлемі, яғни мәліметтерді уақытша сақтайтын аралық жад. Мұнда тек қана мәліметтер ғана емес , сонымен қатар олардың қандай программалық қолданбаға жататыны да сақталады .
Мәліметтерді алмасу Windows программаларының ішінде , сондай — ақ программалар арасында да әмбебап жүйелік процедуралар арқылы жүзеге асады :
— алмасу буферіне копиялау / көшіру үшін Копиялау / Қию командалары қолданылады ( немесе кез келген қолданбада ол үшін CTRL+INS және SHIFT+DEL батырмаларыныңкомбинацияларын басуға болады ).
— мәліметтерді алмасу буферінен қажетті орынға қою үшін Кірістіру командасын қолданады ( немесе SHIFT+INS комбинациясын басу керек );
DDE технологиясы – бір қолданбадан оның орындалу үрдісі кезінде басқа дәл сол мезетте активті қолданбаға қатынасуға мүмкіндік жасайтын жүйелік процедуралардың жинағы .
OLE технологиясы – объектілерді байланыстыру және ендіру. OLE технологиясы бойынша құрамалы құжатпен байланысқан объектілер сол құжат құрамында сақталмай, ондағы сілтеме арқылы ғана түпнұсқадағы объектімен байланысып тұрады. Егер байлыныстағы объект өзгертілсе, құжаттағы оның бейнесі де өзгереді. Құжаттағы сілтемені пайдалану объект орналасқан негізгі программаны іске қосады. OLE технологиясы мәтін, графика, дыбыс және т.б. объектілермен жабдықталған құрамалы құжаттар жасауға мүмкіндік береді.
Windows 3.1. Бұл – кең таралған графикалық операциялық қоршам, кәдімгі MS DOS программасы сияқты іске қосылады. Windows 3.1 MS DOS негізінде жұмыс істейді, төменгі деңгейде бұл жүйенің ішкі функциялары мен поцедураларын қолданады. Windows 3.1. пайдаланушы интерфейсі графикалық негізін иерархиялы ұйымдастырылған терезелер мен басқа графикалық объектілердің жүйесі құрайды. Windows 3.1 пайдаланушы интерфейсі оперативті басқаруды белгілі бір графикалық бейнеленген элементті (батырма, тізім, т.с.с.) тышқанның көмегімен таңдау арқылы жүзеге асырады. Қолданылатын интерфейс элементтері стандартталған, сондықтан Windows негізінде жұмыс істейтін қолданбалы программалар интерфейсін меңгеру жеңіл.
Windows 95. Windows 95 – жоғарғы өнімді, көпесепті және көпағынды, 32-разрядты графикалық интерфейсті және кеңейтілген желілік мүмкіндіктері бар операциялық жүйе. Windows 95 функционалдық мүмкіндіктері MS DOS және Windows 3.* жүйелерін сапасы жоғары деңгейде асып түседі, MS DOS -ты қажет етпейді.
Windows 95 операциялық жүйесінің негізгі артықшылықтары:
— интегралданған ОЖ (компьютерді іске қосқан мезетте жүктелетін оның ядросы пайдаланушы графикалық интерфейсін активтендіреді және MS DOS операциялық жүйесімен толық үйлесімділікті қамтамасыз етеді);
— ығыстырушы көпесепті (бір ғана қолданба барлық аппараттық ресурстарды алмау үшін ішкі жағдайларға байланысты басқаруды қолданбалар арасында реттеу);
— көпағынды (біруақытта бірнеше 32-биттік қолданбалар ағындарымен операциялар жүргізу қасиеті);
— Plug and Play («Қос та ойна») технологиясын қолданады, ол компьютермен жұмысты жеңілдетеді;
— мультимедиа үшін жоғары тиімді платформа, құрамында лазерлік ойнағыш немесе CD-плейер бар, видеодискілер мен видеомагнитофондарды қолдайды, т.б.
— Windows 95 операциялық жүйенің конфигурациясын, сондай-ақ оның негізінде қолданылатын программалар үшін біртұтас ақпараттық қор қолданады, ол – жүйелік реестр (Registry). Бұл мүмкіндік орнатылған программалық жабдықтардың баптауларын операциялық жүйе тұрғысынан басқару үрдісін орталықтандырып және қатаң реттеуді жүзеге асырады.
Windows 98. Windows 95 операциялық жүйесімен салыстырғанда Windows 98 компьютерге жаңа құрылғылар қоспай-ақ шапшаңырақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған. Ондай мүмкіндіктерге:
— компьютердің сенімділігін арттыратын жаңа шеберлердің, қызметші программалар мен ресурстардың қолданылуы (жүйелік файлдарды тексеру шеберлері, дискіні тексеру автоматты жүзеге асады, архивтеу программаларының кеңейтілген мүмкіндіктері, т.с.с.)
— Интернет шолушысы (Internet Explorer) біраз функцияларды Жұмыс үстелінен атқаруға мүмкіндік береді. Компьютердің барлық мүмкіндіктерін Интернеттің интерактивті мазмұнына қолдана отырып Web-ті қолдануды неғұрлым өнімді етеді.
Windows 2000. Бұл операциялық жүйенің жаңа технологиялық шешімдерінің негізгілері:
— мәліметтерді Kerberos құралдарымен қорғау. Kerberos – Массачусетс технологиялық институтында жасалған мәліметтерді қорғалмаған желілер арқылы берудің аутентификация хаттамасы. Kerberos транзитивті сенімділік қатынастарды қамтамасыз етеді;
— ашық кілттер инфрақұрылымына ( PKI ) негізделген қорғау құралдарымен жабдықталған. Kerberos сияқты ол да транзакцияның екі қатынасушысына да, шынымен серіктес сол ма, жоқ па екендігін тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ транзакцияны шифрлеуге болады;
— кіші офистік пайдаланушылар үшін біраз қосымша құралдар береді (сұраныс бойынша қосылу интерфейсі бар маршруттауыш, т. с.с.);
— қашықтан қатынаудың кірістірілген құралдары бар;
— мәліметтерді сақтауды басқарудың жаңа функциялары бар;
операциялық ортаны үлестірілген әкімшілікті басқару мүмкіндіктері бар.