Информатика пәнінен «Windows операциялық жүйесі» тақырыбында презентация
Описание презентации по отдельным слайдам:
Windows негізгі объектілері және басқару әдістері. Windows файлдары және бумалары
Windows – объектілі-бағытталған жүйе. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі өзегі – мәліметтерді программалар басқармайды, керісінше мәліметтер программаларды басқарады. Windows жүйесінің тағы да бір маңызды мінездемесі – онда әртүрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу технологиясының жүзеге асырылуы, олар: — мәліметтерді алмасу буфері арқылы беру (Clipboard); — DDE (Dynamic Data Exchange); — OLE (Object Linking and Embedding); Windows операциялық жүйелеріне тән негізгі ерекшеліктер: — олардың негізгі кілттік идеясы программалардың компьютердің аппараттық бөліктерінен толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, яғни программалық үйлесімділік; — біртұтас қолайлы графикалық пайдаланушы интерфейсі; — көпесептілік;
— желілік ортада жұмыс істеу мүмкіндігі; — әртүрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу құралдарының әмбебап жүйесінің болуы. Windows-та графика да әмбебап болып табылады, сондықтан нақтылы дисплей немесе принтер типімен үйлесілімділікті қамтамасыз ету мәселесі жойылады. Алмасу буфері – мәліметтердің белгілі басқа программаларға немесе компьютер жадының басқа аумағына көшіру кезінде оларды уақытша сақтауға арнайы бөлінген жадтың динамикалық көлемі, яғни мәліметтерді уақытша сақтайтын аралық жад. Мұнда тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен қатар олардың қандай программалық қолданбаға жататыны да сақталады. Мәліметтерді алмасу Windows программаларының ішінде, сондай-ақ программалар арасында да әмбебап жүйелік процедуралар арқылы жүзеге асады:
— алмасу буферіне копиялау/көшіру үшін Копиялау/Қию командалары қолданылады (немесе кез келген қолданбада ол үшін CTRL+INS және SHIFT+DEL батырмаларыныңкомбинацияларын басуға болады). — мәліметтерді алмасу буферінен қажетті орынға қою үшін Кірістіру командасын қолданады (немесе SHIFT+INS комбинациясын басу керек); DDE технологиясы – бір қолданбадан оның орындалу үрдісі кезінде басқа дәл сол мезетте активті қолданбаға қатынасуға мүмкіндік жасайтын жүйелік процедуралардың жинағы. OLE технологиясы – объектілерді байланыстыру және ендіру. OLE технологиясы бойынша құрамалы құжатпен байланысқан объектілер сол құжат құрамында сақталмай, ондағы сілтеме арқылы ғана түпнұсқадағы объектімен байланысып тұрады. OLE технологиясы мәтін, графика, дыбыс және т.б. объектілермен жабдықталған құрамалы құжаттар жасауға мүмкіндік береді.
Windows 3.1. Бұл – кең таралған графикалық операциялық қоршам, кәдімгі MS DOS программасы сияқты іске қосылады. Windows 3.1 MS DOS негізінде жұмыс істейді, төменгі деңгейде бұл жүйенің ішкі функциялары мен поцедураларын қолданады. Windows 3.1. пайдаланушы интерфейсі графикалық негізін иерархиялы ұйымдастырылған терезелер мен басқа графикалық объектілердің жүйесі құрайды. Windows 3.1 пайдаланушы интерфейсі оперативті басқаруды белгілі бір графикалық бейнеленген элементті (батырма, тізім, т.с.с.) тышқанның көмегімен таңдау арқылы жүзеге асырады. Қолданылатын интерфейс элементтері стандартталған, сондықтан Windows негізінде жұмыс істейтін қолданбалы программалар интерфейсін меңгеру жеңіл. Windows 95. Windows 95 – жоғарғы өнімді, көпесепті және көпағынды, 32-разрядты графикалық интерфейсті және кеңейтілген желілік мүмкіндіктері бар операциялық жүйе.
Windows 95 функционалдық мүмкіндіктері MS DOS және Windows 3.* жүйелерін сапасы жоғары деңгейде асып түседі, MS DOS -ты қажет етпейді. Windows 95 операциялық жүйесінің негізгі артықшылықтары: — интегралданған ОЖ (компьютерді іске қосқан мезетте жүктелетін оның ядросы пайдаланушы графикалық интерфейсін активтендіреді және MS DOS операциялық жүйесімен толық үйлесімділікті қамтамасыз етеді); — ығыстырушы көпесепті (бір ғана қолданба барлық аппараттық ресурстарды алмау үшін ішкі жағдайларға байланысты басқаруды қолданбалар арасында реттеу); — көпағынды (біруақытта бірнеше 32-биттік қолданбалар ағындарымен операциялар жүргізу қасиеті); — Plug and Play («Қос та ойна») технологиясын қолданады, ол компьютермен жұмысты жеңілдетеді;
— мультимедиа үшін жоғары тиімді платформа, құрамында лазерлік ойнағыш немесе CD-плейер бар, видеодискілер мен видеомагнитофондарды қолдайды, т.б. — Windows 95 операциялық жүйенің конфигурациясын, сондай-ақ оның негізінде қолданылатын программалар үшін біртұтас ақпараттық қор қолданады, ол – жүйелік реестр(Registry). Бұл мүмкіндік орнатылған программалық жабдықтардың баптауларын операциялық жүйе тұрғысынан басқару үрдісін орталықтандырып және қатаң реттеуді жүзеге асырады. Windows 98. Windows 95 операциялық жүйесімен салыстырғанда Windows 98 компьютерге жаңа құрылғылар қоспай-ақ шапшаңырақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған. Ондай мүмкіндіктерге: — компьютердің сенімділігін арттыратын жаңа шеберлердің, қызметші программалар мен ресурстардың қолданылуы
— Интернет шолушысы (Internet Explorer) біраз функцияларды Жұмыс үстелінен атқаруға мүмкіндік береді. Компьютердің барлық мүмкіндіктерін Интернеттің интерактивті мазмұнына қолдана отырып Web-ті қолдануды неғұрлым өнімді етеді. Windows 2000. Бұл операциялық жүйенің жаңа технологиялық шешімдерінің негізгілері: — мәліметтерді Kerberos құралдарымен қорғау. Kerberos – Массачусетс технологиялық институтында жасалған мәліметтерді қорғалмаған желілер арқылы берудің аутентификация хаттамасы. Kerberos транзитивті сенімділік қатынастарды қамтамасыз етеді; — ашық кілттер инфрақұрылымына (PKI) негізделген қорғау құралдарымен жабдықталған. Kerberos сияқты ол да транзакцияның екі қатынасушысына да, шынымен серіктес сол ма, жоқ па екендігін тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ транзакцияны шифрлеуге болады;
— кіші офистік пайдаланушылар үшін біраз қосымша құралдар береді (сұраныс бойынша қосылу интерфейсі бар маршруттауыш, т. с.с.); — қашықтан қатынаудың кірістірілген құралдары бар; — мәліметтерді сақтауды басқарудың жаңа функциялары бар; операциялық ортаны үлестірілген әкімшілікті басқару мүмкіндіктері бар.
Номер материала: ДБ-038958
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
Подарочные сертификаты
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.
Презентация по информатику на тему «Операциялық жүйе»
Описание презентации по отдельным слайдам:
Білімділігі: оқушыларды операциялық жүйе түрлерімен таныстыру; операциялық жүйенің маңызын білу, кластары туралы мағлұмат беру; интерфейс ұғымын кеңейту. Дамытушылығы: Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру, қолданбалы жүйелерде көпміндетті, көрнекілік, интеграция қалай білінетінін анықтауды меңгерін арттыру. Тәрбиелілігі: Жауапкершілікке, іскерлікке, білімділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Мақсаты:
Ұйымдастыру бөлімі Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын бекіту Жаңа сабақ Сабақты қорытындылау, бағалау Үйге тапсырма
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
Файлдармен бумаларды іздеу
Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады.Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б. ОЖ болмаса, қазіргі заманғы компьютердің апараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес.Барлық ақпараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады. Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор.Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады.Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Операциялық жүйе (ОЖ) — бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе дегеніміз не?
Дербес компьютерге арналған ОЖ-лер бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын. бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.
Бір міндетті операциялық жүйе дегеніміз: Қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режімде бір программаны және фондық деп аталатын режімде тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режімде мәтіндер редакторын, ал фондық режімде басу прогграммасын іске қосуға болады.
Көп міндетті операциялық жүйе дегеніміз: — бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл прогграммалар бір – біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді.Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда,басқасы басқа компьютермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бірмендетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтанда біртіндеп ығыстырылуда.
Бір адам пайдаланатын ОЖ дегеніміз: компьютерде тек бір ғана адамның мұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.
Бірнеше адам пайдаланатын ОЖ дегеніміз: — бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNIX, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек.Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар(пернетақтасы бар бейнемонитор), не ДК-де іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін.Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.
ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді. Оның орта ғасырлық болса да тарихы бар. Енді осы тарихи деректерге тоқталып өтелік.
1965-1975 Алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасып, даму кезеңі. Бұл кез жаңа буын компьютерлерінің пайда болған уақыты еді. Сонымен қатар мини-компьютерлер кең таралды. Мультипрограммалық, көпмақсатты, файлдар жүйесімен тиімді жұмыс жасайтын ОЖ қажет болды. Алғашқы ОЖ-дің бірі OЖ UNIX болды.
1981-1985 Microsoft фирмасы — MS DOS, IBM фирмасы — PC DOS, Novell фирмасы — Novell DOS операциялық жүйелерін шығарды және әр жыл сайын жетілдіріп, жаңа версияларын шығарып отырды. Мысалы: MS DOS 1.0; MS DOS 1.1; MS DOS 2.0. MS DOS 3.1; т.с.с. Дамыған сайын олардың мүмкіндіктері көбейіп, жаңа командалар қосылып отырды.
1985, ХІ Microsoft Windows ОЖ-нің алғашқы 1.0 версиясы құрылды. 1987, IV IBM фирмасы OS/2 ОЖ-ін іске қосты. 1987, ХІ Microsoft Windows 2.0 1990, V Microsoft Windows 3.0 1992, IV Microsoft Windows 3.1 1993, IV Microsoft Windows NT 1994. ІІІ UNIX ОЖ-і негізінде Linux 1.0 ОЖ-і шықты
1995, VIII Windows 95 ОЖ-і жарық көрді. Бұл компьютер әлемінің көптен күткен арманы еді. Қолданушы интерфейсі, қосымша мүмкіндіктері, т.б. көптеген ерекшеліктері ОЖ-ің рыноктағы ерекше орнын анықтады. 1996, VII Windows NT 4.0 компьютерлік желілермен жұмыс жасауға негізделген ОЖ-сі шықты.
1998, VII Windows 98 ОЖ-і жарық көрді. Бұл версияда Интернет желісіне, компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлінді. 2000 жыл Windows 2000 (Win-NT), Windows Me (Millennium Edition — Win-98). Бұл жүйелер тағы да жетілдірілген, мәлімет қорғау жүйесі жақсы ескерілген.
Презентация «Windows операциялық жүйесі»
Описание презентации по отдельным слайдам:
Windows Операциялық жүйелер
– бұл, ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және программалық құралдар кешені.
Ақпараттық жабдықтама (ДК барлық құрылғылары) Программалық жабдықтама (ДК барлық программалары)
— бұл, компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі.
бұл, тиімді интерфейсті Операциялық жүйе. Графикалық; Көптапсырмалық; Терезелік. Шыққан жылы – 1995 ж Windows Операциялық жүйесі –
ГРАФИКАЛЫҚ Көптеген суреттер мен анимациялар шығарады
КӨПТАПСЫРМАЛЫҚ Тапсырмаларды көптеген программалардың көмегімен шешеміз.
ТЕРЕЗЕЛІК Кез-келген программа немесе документ «терезеде» ашылады.
Интерфейс — Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі (қарым-қатынас стильі)
Windows-тің графикалық интерфейсі Адам компьютермен ОЖ-нің командалары жиынтығының көмегімен қатынас құра алады, олар өте көп және жазылу түрлері де әртүрлі. (диалогтік панельдер, батырмалар және т.б.)
Windows-тің графикалық интерфейсінің элементтері: Жұмыс үстелі Белгілер; Жарлықтар; Файлдар; Қапшықтар; Тапсырмалар панелі Терезе
Белгілер (пиктограммалар) Операциялық жүйенің әртүрлі объектілеріне жылдам өтуді қамтамасыз етеді.
БЕЛГІЛЕР Жарлық – бұл программаға жол! ЖАРЛЫҚТАР
Файлдар мен қапшықтар
Файлдар және қапшықтар
Файлдар Файл объектісінің қасиеттеріне оның атаулы, типі және өлшемі, құрылған мерзімі жатады.
Қапшықтар Бұл объектілер қоймасы. Бірқатар объектілер белгілі бір белгілері бойынша топтастырылады. Оларды анықтау үшін қапшық түсінігі пайдаланылады.
Тапсырмалар панелі «Пуск» батырмасы Ашық программалар кнопкасы Тілдік панельі Қосымша құрылғылар Сағат
Іске қосу батырмасы (басты меню) – барлық орнатылған программаларға апарады
Жұмыс үстелі Белгілер Жарлықтар Терезе Тапсырма панельі Бас меню Қапшық Файл
Номер материала: ДВ-374772
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
Подарочные сертификаты
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.