Windows операциялы? ж?йесіні? негізгі сипаттамасы. Ж?йе параметрлерін баптау.
Саба?ты? та?ырыбы: Windows операциялы? ж?йесіні? негізгі сипаттамасы. Ж?йе параметрлерін баптау.
Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? Windows операциялы? ж?йесі туралы т?сініктерін ке?ейту.
Білімділік: Windows операциялы? ж?йе ж?мысыны? негізгі принциптерімен о?ушыларды
таныстыру. Оны? программалы? жабды?талуын орнату ережесі мен ретін ?йрету.
Т?рбиелік: о?ушыларды ??ыптылы??а, т?рбиелікке, тияна?тылы??а т?рбиелеу.
Дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау ?абілетін, логикалы? – абстракциясын дамыту.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?
Саба?та ?олданылатын к?рнекі ??ралдар: Компьютер, ЭО, о?улы?, практикум
О?ушы ?йренуі тиіс:
- Операциялы? ж?йені орнату мен конфигурленуі;
- Ж?мыс столын баптауды
- Компьютерде ?олданбалы программалы? ж?йені орнатуды.
О?ушы білуі тиіс:
- Операциялы? ж?йені? не екенін;
- КК ?зін — ?зі ?стау ережелерін;
- Ж?мыс орнын ретке келтіруді;
- Жа?а программалы? жабды?тарды;
- Компьютердегі программалы? жабды?тарды орнату т?ртібін ж?не ережесін.
- Операциялы? ж?йені? баптау принциптерін
Саба?ты? барысы:
- О?ушыларды ?йымдастыру
- ?йге берілген тапсырманы тексеру
- Жа?а саба?ты таныстыру
- О?ушыларды ба?алау
- Саба?ты бекіту.
- ?йге тапсырма беру.
- ?йымдастырылуы: амандасу, о?ушыларды тексеру, журналды толтыру. О?ушылар?а саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатын таныстыру.
- ?й тапсырмасын тексеру. С?ра?- жауап т?рінде
- Жа?а саба?ты т?сіндіру.
Практикалы? тапсырмалар:
- тапсырма: осы ж?йедегі «проводник» программасыны? файлды? ??рылымымен ж?мыс
- тапсырма: «Проводник» программасыны? іске ?осылу ?дістерін зертте?дер
- тапсырма: Тыш?ан ?асиеттерін баптау
- тапсырма: Пернета?таны? орналасы мен ж?мыс режимін баптау
- тапсырма: К?н мен са?ат уа?ытын баптау
- тапсырма: Аума?ты? стандартты баптау
- тапсырма: «себет» ?асиетін баптау
- тапсырма: «Экран» ?асиетін баптау
- тапсырма: ?аріптерді енгізу мен ?шіру
Саба?ты бекіту. О?ушылар?а б?гінгі та?ырып бойынша с?ра?тар ?ойып, жауап алу ар?ылы бекіту.
?йге тапсырма: «Компьютерлік вирус» та?ырыбы бойынша 3-4 хабарлама дайындау:
- Компьютерлік вирус дегеніміз не?
- Вирустарды жіктеу.
- Вируспен к?ресу ?дістеру.
Windows операциялы? ж? йесіні? хронологиясы
I. Кіріспе бөлім:
Windows туралы жалпы мағлұмат .
II.Негізгі бөлім:
Windows жүйесінің негізгі функцялары;
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары;
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері;
Windows -ті іске қосу;
Windows -тің анықтамалық жүйесі;
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows операциялық жүйесі.
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS(PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді,компьютердің тек 640Kб жедел жадын ғана(RAM) пайдалана алады.
MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Mб -тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырған болатын.Адам мен компьютер арасындағы байланыстырушы қызметін,яғни пайдаланатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады.Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ -ді басқаруға арналған жүзден аса командалар,пернелерден енгізіліп барып орындалады.Командаларды жазу тәртібі өте күрделі,кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де,көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.Осыдан барып,адам мен компьютер арасындағы байланысты жеңілдету үшін әттүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандардың бірі- Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ,тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті,яғни қажет информацияны жылдам әрі тез тауып,оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге септігін тигізеді.
DEC фирмасы компьютерлердің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды. Бұлар үлкен.орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеді.UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы-оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі,яғни бірнеше программаларды паралель орындау қасиеті.
80-ші жылдардың ортасында MS(PC)-DOS -тың кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фпрмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиялы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессордың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.
Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып, ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес,сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows95,Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды.Windows95 жүйесінің,Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгешеге түрге енді,бірақ идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows95-ке қарағанда біршама жеңіл.
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:
• компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу; бұған қоса Windows жүйесі:
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
• масштабталатын қаріптерді қолдануды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолданудықамтамасыз ете алады.
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе — Windows жүйесіедегі ең негізгі ұғым болып саналады. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы,онда әртүрлі программалар орындалады,кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.
Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әртүрлі информация болады:орындалатын программа,өңделуге арналған мәліметтер,басқа кішігірім терезелер және т.б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады. Информация көп болса терезеге сыймай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
• толық экранды терезе,яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады.
• Белгіше (пиктограмма) түрінде,яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Жұмыс столы-қазіргі барлық операциялық жүйелер(Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS,SUN компьютерлеріндегі OS,т.б) интерфейсінің элементі болып табылады.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады.
Белгіше(Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файылды т.б бейнелеп тұруй мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді. Ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынандай белгішелер кездеседі:
• қосымша қолданбалы программалар белгішесі;
• белгілі бір топтар белгішесі;
• функциялар белгішесі.
Жарлық(shortcut)- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы,жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға,файлды жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері (файлдар,каталогтар және т.б)өз орындарында еш өзгерусіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы,егер жұмыс столында файлдың(каталогтың) өзі орналастырылған болса,онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны арнан өшірсе онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да,бастапқы файлдар ешбір қалаусыз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98 ) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылды. Мұның мағынасы мынада:каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданатын контейнер болып табылады. Бума -каталог, дирокторий ұғымының баламасы.Каталог – файлдарға арналған контейнер,программалық топ -жеке программаларға арналған контейнер,т.с.с
«Тышқан» Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады. Бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы,кейде оң жақтағы батырмасы пайдаланылды.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция-экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады.
Келесі операция -шерту(Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін орындалады.
Күрделі операция тышқанның сол жақ батырмасын. Жылдам екі рет шерту.(Double-click) Келесі операция -тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелермен шертпелердің орнын ауыстырады,яғни басқа орынға тпсымалдайды,терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмысістеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар мәліметтер алмасуға арналған комьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жады) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.
MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі олар: меню жүйесі(көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын,иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері(мәліметтерді енгізу, варианттарды таңдау)және т.б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайта үйрену қажеттілігін туғызады.
«Point -and -Click» (көрсету және шерту)принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып,оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.
• Программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту,үлкейту, және бұрынғы қалпына келтіру;
• көлденең орналасқан меню пунктерін таңдау;
• экранға шығатын меню командаларын таңдау;
• мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
• командалық батырманы басу,таңдау;
• ауыстырып қосқыштың мәніни өзгерту;
• мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын зерттеу;
• мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап,оған мәлімет енгізу және көптеген басқа өрекеттер;
Selekt(ерекшелеу,белгілеу)принципі.
Windows- тің анықтамалық жүйесі.
Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс. Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық программалық қолданбалар үшін бірдей етіп құрастырылған. Сондықтан біз программаның анықтамалық жүйксімен таныс болса, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.
Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі( бұдан кейін анықтамасы ) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез-келген сұраққа жауап бере алады. Windows ортасында кез келген анықтаманы бұлай шақыруға болады: Windows3.x жүййесі үшін — Программа диспетчері терезесінің жоғарғы жағындағы көлденең орналасқан менюдегі Анықтама ( справка ) пунктінің Мазмұн ( содержание ) командасын таңдау керек;
Windows98 жүйесі үшін – Іске қосу ( Пуск ) менюінің Анықтама ( Справка ) командасын таңдау керек.
Windows жүйесінің өзінде және оның қосымшаларының бірсыпырасында анықтаманы сұхбат терезесі арқылы алу мүмкіндігі бар. Кез келген сұхбат терезесінде Көмек батырмасы бар. Оны таңдап алсақ экранға анықтамалық жүйе шығып, Анықтама терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің жұмысын баяндайтын информация шығарылады.
Файлдармен жұмыс істеу
Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің барлығы файлдармен жұмыс істейді. Windows бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау оларды үнемі қадағалау қажеттілігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен қатынас құра алатынының айғағы болып табылады.
Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.
Файлдарды ашу және сақтау терезелері
Windows жүйесінің көптеген программалары дискіден информацияны оқу және оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау( Пролистать ) терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол -жұмыс Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу тересі.
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,
мысалы:
мәтіндік құжаттар дайындау;
графикалық бейне -көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
математикалық есептеулеррді орындау және т.б.
Әдетте бұл қосымша программалар « Стандартты » тобында орналасқан.
Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қахет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Windows -барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows -тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіетері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.
1. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов.
Жаңа информациялық технология, Информатика. Алматы 2004.
2. Н. Ермеков , Н. Стифутина .
Информатика. Алматы« Атамұра » 2007