WINDOWS ОБЪЕКТІЛЕРІ
8 февраля 2014, 11:32 | 1 471 просмотр
Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» мони¬пуляторын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық — абстрак¬циясын дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс — тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: шет тілі, сызу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электрон¬ды оқулық
2. Өткен материалды қайталау сұрақтары
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
7. Оқушыларды бағалау.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар.
• Монитор, жүйелік блок, пернетақта
• Ақпаратты енгізу — шығару құрылғыларын атаңдар.
•Жадтың сыртқы тасуыштарын сипаттаңдар.
• Мониторлардың түрлерін атаңдар.
• Принтердің түрлерін атаңдар, оларға си¬паттама беріңдер.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Windows — тың негізгі функциясы — осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
Windows — бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректер¬мен жұмыс жасаудың объектілі — бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows’98 ортасының ерекшеліктері:
— пайдаланушының интерфейсін стандарт¬тау;
— көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
— жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
— бағдарламалардың функциясын инте¬грациялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
— көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
— графикалық режімді басым қолдану;
— жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас құралдары;
— мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
— «Plug and Play» технологиясы (қосатын құрылғыларды автоматты баптау).
WINDOWS – графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
WINDOWS — тің объектілері – терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шарт белгілер түрінде орналасқан.
Шартбелгі – экран бетіндегі қысқаша жа¬зуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т. б. бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлық – белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Қапшық – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл объектілер қоймасы.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері — әртүрлі программалар немесе құжаттар арасын¬да мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір — біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы – бұл кранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
«Пуск» батырмасы – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда бо¬лады. Бас меню жеті пункттен тұрады:
1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім
2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15 — тен аспайтын тізімі
7. Жұмысты аяқтау
Тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив,
жад, модификация, ұя, файл, терезе, мони¬тор, модем,
интернет, байт, антивирус.
Тапсырма №2 Берілген сызбадан артық терминдерді табу
Тапсырма №3 СинКаз бағдарламасы арқылы 2 модуль бойынша тапсырмалар орындау.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
• WINDOWS ОЖ қандай объектілер бар?
• Терезе дегеніміз не, қандай түрлері бар?
• Тышқанның атқаратын қызметі қандай?
• Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?
• Жұмыс столының атқаратын қызметі
• Шартбелгі дегеніміз не?
• Жарлық дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау. Activote құрылғысымен интерактивті тақтада тест тап¬сыру.
Activote құрылғысымен алынған тест қорытындысын талдап, мақтау қағазымен ма¬рапаттау.
Windows объектілері
№8 дәріс. WINDOWS ОБЪЕКТІЛЕРІ
7.1.Файлдар
7.2.Бумалар
7.3.Жарлықтар
7.4.Себет
7.1.ФАЙЛДАР
Файл — бұл жеке аты бар байттар тізбегі. Файл бағдарлама немесе құжат
болуы мүмкін. Windows-те бағдарламаның басқаша атауы да қолданылады —
қосымша.
Құжат бағдарламаға бағынышты, ол бағдарламаны өңдеу үшін объекті немесе
бағдарлама өңделгендегі нәтиже ретінде қызмет етеді.
Әрбір файлдың жеке аты болады. Файл аты екі бөліктен тұрады, оң жақ
және сол жақ және екі бөлік арасын нүкте бөліп тұрады. Оң жақ бөлігі үш
символдан тұрады және оның типін анықтайды. Ал сол жақ бөлігінің ұзындығы
1-ден 255 символ аралығында бола алады және пайдаланушыға құжат
тағайындамасын анықтайды. Файл атында келесі символдарды пайдалануға
болмайды: \ ? : * » .
Компьютер файлдың бағдарлама немесе құжат екенін оның типіне қарап
анықтайды. Егер файл типінде .exe немесе .com тұрса, онда ол бағдарлама.
Ал қалған типті файлдарды компьютер құжат деп анықтайды. «Құжат» ретінде
анықталатын негізгі файлдардың кеңейтілуі:
.bmp — Paint графикалық қосымшасының суреті.
.doc — Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаты.
.txt — Блокнот қосымшасының құжаты.
.wav — Дыбыстық фонограф.
.avi — Видео-клип.
.xls — Excel кестелік процессорының құжаты.
.ppt — PowerPoint қосымшасының презентациясы.
1-сурет. Менің құжаттарым бумасындағы файлдар.
Бумалар жүйелік және жұмыс бумалары болып екіге бөлінеді. Windows
жүйесінің объектілері жүйелік бумаларда сақталады. Жүйелік бумаларға
жасалған қандай да бір өзгертулер жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне немесе
тоқтап қалуына әкеліп соқтырады. Жүйелік бумаларға Windows және Program
Files, сонымен бірге бағдарламалардың өздері құратын бумалар жатады.
Ал жұмыс бумаларына өзіңіз құрған немесе Windows-те сіз үшін құрылған
бумалар жатады, мысалы, Менің құжаттарым бумасы.
Windows бумалар иерархиясының ең бастапқысы Жұмыс столы бумасы болып
табылады. Бұл бума барлық қалған бумалардың аналық бумасы болып табылады
және оның ерекше қасиеттері бар. Жұмыс столы барлық терезе астында
орналасады және барлық терезе белгіге айналғанда толық көрінеді.
Жұмыс столы бумасына Менің компьютерім және Себет бумасы салынған.
Өз кезегінде Менің компьютерім бумасының өзінде бірнеше бумалар: A:, C:,
D: дискілерінің белгілерінен және екі жүйелік бума Басқару панелі және
Принтерлер бар. Ал дискілерде басқа бумалар, файлдар, жарлықтар орналасады.
7.3. ЖАРЛЫҚТАР
Жұмыс үстелінде объектілер белгілер түрінде берілген. Белгінің бір
түрі — жарлық. Олар сол бұрышында қара түсті көрсеткіш тілі бар белгі
түрінде бейнеленеді. Егер белгілер объектілердің өзін сипаттаса, жарлықтар
объект бейнесін сипаттайды. Жарлық қандай да бір объектіге сілтеме, осы
объектінің орнын көрсететін оның қайтарма (қосымша) бейнесі. Жарлық
бағдарламаны немесе құжатты іске қосуды тездету қызметін атқарады. Объект
буманың бағыныштылық құрылым иерархиясының төменгі деңгейлерінде орналасса,
онда жоғары деңгейде орналасқан жарлықты қолданған тиімді. Жарлық көлемі 1
Кбайттық файлда сақталады.
7.4.СЕБЕТ
Windows-де өшірілген объектілер автоматты түрде ерекше бумаға —
Себетке орналасады.
Себеттегі объекті оны Себеттен өшіргенге дейін немесе қайта
қалпына келтіргенге дейін сақталады.
Себет құрылымы үнсіз келісім бойынша кесте түрінде шығады, ондағы
бағаналарда әр объектінің қай бумадан және қашан өшірілгендігі туралы
мәліметтер көрсетіледі.
Себеттегі объектілерді бастапқыда қай бумадан өшірілсе, сол бумаға
қайта қалпына келтіруге немесе басқа бумаға орналастыруға болады.
Дискеттен өшірілген объектілер Себетке орналаспай бірден жойылатынын
есте сақтау қажет. Мұндай объектілерді өшіру барысында Windows өшіруді
растауды талап етеді.
Сурет1. Объектілерді өшіру.
Бақылау сұрақтары:
1. Файл деген не?
2. Жарлық не үшін керек?
3. Жаңа бума құрудың бірнеше тәсілдерін ата?
4. Себеттің атқаратын қызметі?
№9 дәріс. АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
8.1 Вирусқа қарсы құралдар
8.2 Вирусқа қарсы бағдарламалар
3. DSAV антивирустық пакеті.
8.1 Вирусқа қарсы құралдар
Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық,
макровирустар және желілік.
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын
зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда
басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші бағдарламалық кодына емес, вирус
кодына береді.
Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін
пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS және
т.б.) орындалушы файлдарды зақымдайды.
Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің
оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде
қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді өшіріп тастау, аттарын және
басқа да атрибуттарын өзгерту және т.б.) тудырады. Резиденттік вирустардан
емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің
оперативті жадында қалып қояды және файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.
Макро-вирустар мәліметтерді өңдеуге арналған жүйелерге (мәтіндік
редакторлар, электрондық кестелер және т.б.) орнатылған тілдерде жазылған
бағдарламалар болады. Өзінің көбеюінде мұндай вирустар макро-тілдер
мүмкіндіктерін қолданады және олардың көмегімен . жалғасы
Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 16:06, курсовая работа
Краткое описание
Бүгiнгi тақыбырымыз WINDOWS операциялық жүйесiнiң қыр-сырымен толыққанды танысу болмақ. WINDOWS операциялық жүйесi туралы бүкiл мәлiметтердi сидырып айту мүмкiн емес. Соған қарамастан WINDOWS операциялық жүйесiнiң негiзгi және маңызды деген мәлiметтер келтiруге тырысамыз.
Бүгiнгi таңда қарапайым қолданушылар үшiн компьютермен бiлiктi жұмыс iстеу үшiн WINDOWS операциялық жүйесiнiң мүмкiндiктерi мен оның жұмыс iстеуiн толық меңгеруi қажет.
Содержание
Кіріспе
1 WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Windows туралы жалпы мағлұматтар
1.2 WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары
1.3 Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
1.4Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
1.5 Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
2. WINDOWS ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
2.1 Терезе
2.2 Жұмыс столы
2.3 Белгішелер, жарлықтар, бумалар
2.4 «Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме
2.5 Мәлімет алмастыру буфері
2.6 Windows-ті іске қосу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Прикрепленные файлы: 1 файл
информатика.docx
1 WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Windows туралы жалпы мағлұматтар
1.2 WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары
1.3 Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
1.4Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
1.5 Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
2. WINDOWS ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
2.1 Терезе
2.2 Жұмыс столы
2.3 Белгішелер, жарлықтар, бумалар
2.4 «Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме
2.5 Мәлімет алмастыру буфері
2.6 Windows-ті іске қосу
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бүгiнгi тақыбырымыз WINDOWS операциялық жүйесiнiң қыр-сырымен толыққанды танысу болмақ. WINDOWS операциялық жүйесi туралы бүкiл мәлiметтердi сидырып айту мүмкiн емес. Соған қарамастан WINDOWS операциялық жүйесiнiң негiзгi және маңызды деген мәлiметтер келтiруге тырысамыз.
Бүгiнгi таңда қарапайым қолданушылар үшiн компьютермен бiлiктi жұмыс iстеу үшiн WINDOWS операциялық жүйесiнiң мүмкiндiктерi мен оның жұмыс iстеуiн толық меңгеруi қажет.
Адам мен компьютер арасында байланысты ұйымдастырушы қызметiн, яғни пайдаланылатын негiзгi интерфейс рөлiн MS-DOS жүйесiнде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы адам мен MS-DOS жүйесi арасында сұхбат өте қолайсыз болды. Бiр команданы орындау үшiн ондаған символдарды теруге тура келдi. Осы операциялық жүйемен негiзiнен тек маман программалаушылар ғана тiкелей жұмыс iстейдi де, көптеген адамдар ондай дәрежеге жете алмады.
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS (PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің онымен адам жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS-DOS т операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана білетін боларсыздар.
Әрине, MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Мб-тар артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен дам арасындағы сұқбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.
Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі – Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылады.
Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
DEC фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылады, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесініен негізгі артықшылығы – оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті.
80-ші жылдардың ортасында MS (РС)-DOS – тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.
80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.
Осылайша WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT операциялық жүйелерi пайда болды.
1. WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Windows туралы жалпы мағлұматтар
Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98, Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, барлық негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows 95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.
Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.
Бұдан былай WINDOWS жүйесі деген сөзді 3.1х (кез келген сан) және Windows 95, Windows 98 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.
1.2. WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынандай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
• компьютердің барлық ақпараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WINDOWS жүйесі:
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;
• масштабталатын қаріптерді қолдануды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
1.3. Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Енді Windows ортасының кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн болар.
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.
MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұқбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды таңдау) және т.б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып-үйрену қажеттілігн туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық өнімдерінің бәрінде де тұрақты пайдаланылатын стандартты элементі болады (мысалы, меню пункттерін таңдаудың стандартты тәсілдері), алайда, программалар арасындағы алшақтық жетіп артылатын. Ал, Windows жүйесінде көптеген іс-әрекеттер программалардың әртүрлілігіне қарамастан біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өңделетін болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде көрсете білді.
1.4 «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»
Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:
1) программа-көрсеткіш Проводник,
2) графикалық редактор Paint,
3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad
4) Калькулятор
5) Адрестік кітап
6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,
7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,
9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).
Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.
1. Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік құжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.
Көптеген әрекеттерді пернетақтаны жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:
CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
CTRL + O — ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G — өту
CTRL + S — сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A — барлығын белгілеу
CTRL + P – басу CTRL + V – қою
CTRL + Z – болдырмау CTRL + F — табу
2. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны — құжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол — шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.
WordPad құжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.
WordPad программасы кұрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:
CTRL + N – кұру,CTRL + O- ашу,CTRL + S- сақтау,CTRL + P –басу,CTRL + Z – болдырмау,CTRL + Y- қайталау ,CTRL + X- кесіп алу,CTRL + C – көшірме алу,CTRL + V – қою,CTRL + F – табу,CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру),CTRL + А – барлығын белгілеу.
3. Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (қалыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.
Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.
Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* — көбейту, / — бөлу, + — қосу, — — алу, sqrt — квадрат түбір табу, % — пайыз табу, 1/х — кері шаманы есептеу, үтір — бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- — санның таңбасын өзгерту, = — есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:
С — жаңа есептеуді бастау
СЕ — терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,
МС — жадыдағы санды өшіреді,
МК — жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,
МS — калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,
М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,
Васкsраsе — кейінгі терілген цифрды өшіреді.
Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін жоғарғы сол жақ бұрышта «М» әріпінің пайда болуы көрсетеді.
4. Сілтеуіш (Проводник)
Сілтеуіш — программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.
Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.
Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың құрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын құрылымы осы тақтада көрсетіледі.
Сол жақ тақтада бумалар деңгейлерінің иерархиялық құрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы «+» белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі «-» ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның құрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.
Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою
CTRL + А- бәрін белгілеу
5. Графикалық редактор Раіnt Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді құру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттің көшірмесін Раіntта әрі қарай өңдеуге алуға болады. Раіntта құрылған суретті басқа құжаттарға қоюға немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.
Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.
CTRL + N – құру,CTRL + O- ашу,CTRL + S- сақтау,CTRL + P – басу,CTRL + Z – болдырмау,CTRL + Y- қайталау,CTRL + X- кесіп алу,CTRL + C – көшірме алу,CTRL + V – қою,CTRL + А – бәрін белгілеу,CTRL + Т- саймандар,CTRL + L – палитра,CTRL+ F- суретті көру,CTRL+ R- шағылыстыру/бұру,CTRL+ W- созу/еңкейту,CTRL+ I- қарсы түске өзгерту,CTRL + E- атрибуттар.
1.5 Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows деген сөздің өзі қазақшаға аударғанда «терезелер» деген мағынаны білдіреді.
Терезе – жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Жұмыс аймағында объектілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады.
Барлық терезелердің түрін төрт топқа бөлуге болады:
- Қапшық терезелері
- Қолданбалар терезелері
- Диалог (сұхбат) терезелері
- Анықтама терезелері
Қапшық терезелерінде оны басқару элементтерінен басқа Windows-тың басқа объектілерінің де белгішелері бар. Белгілі бір объектінің белгішесін екі рет шерту, оны ашады. Мысалы Мои документы қапшық терезесі.
Қолданба (приложение) – бұл да бағдарлама, ол Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істегендіктен, қолданба деп аталады. Қолданба терезелері қолданбаға құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады. Мысалы Paint қолданбасының терезесі.
Диалог терезелері – қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе. Олар Windows-ты және оның қолданбаларын басқару мен баптау үшін қажет. өздеріңе таныс сағат
Анықтама терезелері Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады.
Енді біз негізінде тек қапшық терезелерін қарастырамыз, олар бізге қолданбалар мен құжаттарды іздестіру, таңдау мен жүктеу үшін қажет.
Менің компьютерім қапшығының терезесін мысалға ала отырып, біз терезелердің негізгі элементтерін қарастырайық.
Шекаралар. Терезелерді төрт жағынан тұрған жақтауларды шекаралар деп атайды. Олардың көбінің өлшемдерін өзгертуге болады. Терезелердің өлшемдерін өзгерту үшін, маус нұсқағышын шекараның біреуіне орналастырып, нұсқағыш қос бағдаршаға айналуын күтеміз, содан соң маусты қажетті бағытқа тартамыз (оңға, солға, жоғары, төмен). Мысалы, терезенің енін өзгерту үшін, оның оң немесе сол жақ шекарасын бір жағына қарай тартамыз. Егер терезенің ені мен биіктігін қатар өзгерткіміз келсе, онда оның бұрыштарының бірін соза тартамыз.
Тақырып жолы. Терезенің ең жоғарғы шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш орналасқан, оны Тақырып жолы немесе Тақырып деп атайды.
Мауспен іліп алып, терезені басқа орынға жылжытуға болады.
Жүйелік меню белгішесі. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оны шертсеңдер, терезені басқарудың қарапайым командаларының тізімі ашылады, олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады.
Жабу батырмасы. Тақырып жолының оң жақ шекарасында айқасқан сызық (крестик) суреті бар батырма орналасқан. Бұл батырма бойынша шерту құжатты (қапшықты) жабады немесе қолданбаның (бағдарламаның) жұмысын аяқтайды.
Қолданбаның терезесін, қапшықты, диалог терезесін жабудың тағы бір жолы Alt+F4-ті басу.
Жабу батырмасының сол жағында келесі батырмалар орналасқан: жималау (свернуть) ,жаймалау (развернуть), қалпын а келтіру (восстановить).
Жималау батырмасы. Жималау батырмасында шерту, Есептер тақтасында тек қана батырмасын қалдырып, терезені Жұмыс орнынан алып тастайды. Бұл жағдайда қолданба ашық қалпында қалып, орындала береді. Есептер тақтасындағы оған сәйкес батырманы басып немесе Alt+Tab пернелерінің көмегімен терезені қайтадан жаюға болады.
Жаймалау батырмасы. Бұл батырма терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.
Қалпына келтіру батырмасы. Осы батырма терезені аралық қалыпқа келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Батырма экранға бірнеше терезені бір уақытта орналастыру үшін пайдаланылады.
Терезені бүкіл экранға басқа тәсілмен орындауға – тақырып жолында екі рет шертіп, жаймалауға болады. Егер терзе экранды толық алып тұрса, тақырыпты екі рет шерту оның бұрынғы (алғашқы) өлшеміне келтіреді.
Меню жолы. Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең (горизанталь) жолақ бар. Бұл – меню жолы, онда берілген қолданбаның негізгі командалары бар. Меню дегеніміз – берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі.
Меню жолының командаларының бірін шақыру үшін, мауспен оның атын шерту керек, сонда созылған меню пайда болады. Бұл менюден қажетті команданы мауспен шертіп таңдаймыз.
Құрал-саймандар тақталары. Көптеген терезелер батырмалары мен белгішелері бар құрал-саймандар тақтасымен жабдықталған. Олар неғұрлым жиі қолданылатын командаларға тез қатынау үшін пайдаланылады.
Әр батырманың міндетін білу үшін, оның үстіне маус нұсқағышын орналастырып біраз күтсеңдер, ішінде команда міндеті жазылған шағын жақтау (рамка) шығады. Батырма аты оның қызметін көрсетеді. Мысалы, құжат сақтау батырмасы, өзің жасаған құжатты дискіде файл түрінде сақтау міндетін атқарады.
Қапшық терезелерінің сатандартты батырмаларына:
кері қайту (өту), алға қарай өту, бір деңгейге жоғарыға көтерілу (өту), қиып алу, көшіру, кірістіру, болдырмау, алып тастау (жою), қасиеттер, түрі жатады.
Жұмыс аймағы. Бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы. Қапшықтар терезелерінің жұмыс аймағында белгішелер, қапшықтар, файлдар, таңбашалар орналасады. Колданбалардың терезелерінің жұмыс аймағында мәтіндер, суреттер, кестелер, слайдтар т.б. жасауға болады.
Қапшықтың терезесінің жұмыс аймағындағы объектілірді әр түрде көрсетуге болады:
- Үлкен белгішелер түрінде (крупные значки)
- Кіші белгішелер түрінде (мелкие значки)
- Тізімдер (список)
- Кестелер (таблица) түрінде
Ол үшін құрал-саймандар тақтасындағы Түр (Вид) батырмасын басып, өзімізге қажетін таңдаймыз.
Бұл команданы Вид менюінде де таңдауға болады.
Мой компьютер терезесін ашқанда, құрал саймандар тақтасының батырмалары жоқ болса, онда оны Вид командасы арқылы экранға шақыруға болады.
Айналдыру жолақтары. Егер терезенің биіктігі мен ені оның мазмұнын толық көрсетуге мүмкіндігі болмаса, Windows мұндай терезеге тік және көлденең айналдыру жолақтарын қосады.
Айналдыру жолағының ішінде тіктөртбұрышты сырғытпалар (ползунок) болады. Олардың орналасуына қарап, терезе мазмұнының қандай бөлігі көрініп тұрғанын көруге болады.
Терезе шегінде айналдыру жолағының көмегімен жылжыту келесі әдістердің бірімен жүзеге асырылады:
- Бір жолға жоғары немесе төмен, оңға немесе солға жылжыту үшін, тік және көлденең айналдыру жолақтарының жоғарғы және төменгі шекараларының жанындағы бағдаршалары бар батырмаларды шерті керек.
- Терезенің ішіндегіні жол жолмен үздіксіз айналдыру үшін, сәйкес бағдаршасы бар батырманы шертіп, маус батырмасын басулы қалыпта ұстау керек.
- Белгілі орынға өту үшін, сырғатпаны сол орынға жылжыту керек. Мысалы, ұзын құжаттың орта бөлігіне өту үшін, сырғытпаны тік айналдыру жолағының ортасына жылжыту керек.
Терезелер арасында ауысу
Егер экранда бірнеше терезе қатар ашылса және оның барлығы экранда көрініп тұрса, онда бәрінің үстінде орналасқан (яғни алдыңғы) терезе белсенді (активті) болып саналады.
Белсенді терезенің тақырыбы басқаларға қарағанда қара түспен белгіленеді жәнеЕсептер тақтасындағы оған сәйкес батырма басулы түрде көрінеді.
Белсенді терезені төменде келтірілген әдістердің бірін пайдаланып ауыстыруға болады:
- Белсенді терезенің кез келген жерінде мауспен шертіп;
- Есептер тақтасындағы белсенді болатын терезеге сәйкес батырманы шертіп.
Сұр түсті командалар, белгілеулер мен бағыныңқы менюлер