- Windows жүйесінің негізгі мүмкіндіктері мен атқаратын қызметі
- Windows қолданбаларын мен құрылғылары орнату
- WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТТЫ ПРОГРАММАЛАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА САБАҚ ЖОСПАРЫ
- 1. Блокнот мәтіндік редакторы
- Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны — құжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол — шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы. WordPad құжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады. WordPad программасы кұрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді. WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады: CTRL + N – кұру CTRL + O- ашу CTRL + S- сақтау CTRL + P –басу CTRL + Z – болдырмау CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу CTRL + V – қою CTRL + F – табу CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру) CTRL + А – барлығын белгілеу
- 3. Калькулятор
Windows жүйесінің негізгі мүмкіндіктері мен атқаратын қызметі
Windows — Microsoft фирмасы жасап шығарған операциялық жүйе.
Операциялық жүйе немесе система (ОС) – дербес компьютердің жұмысын басқару мен программалардың орындалу процесін қамтамасыз ететін программалар тобы. Қазіргі кезде Windows операциялық жүйелері ІВМ-мен үйлесімді жұмыс істейтін компьютерлердің барлығында қолданылады, олардың мынадай түрлері жиі пайдаланылады: Windows 95/98, Windows NT, Windows 2000 және Windows ХР. Бұлардың бір-бірінен аздап айырмашылықтары болғанымен, жалпы жұмыс істеу ережелері өте ұқсас болып келеді.
Windows 98 (одан кейінгілері де) жылдам істейтін 32-разрядты графикалық интерфейсі бар, желілік құралдармен жабдықталған операциялық жүйе болып табылады.Сондықтан бұл ортада мәліметтер жеңіл көшіріледі (тасымалданады); олар көптапсырмалы (көпесепті) және көппроцессорлы режимдерді, желі архетектурасын сүйемелдеп алады; жеңіл өзгертілетін (кеңейтілетін), сенімді, әрі ақаусыз жұмыс атқарып, басқа программалармен үйлесімді түрде байланыса алатын жүйе саналады.
Көпесептілік– бір процессорды көптеген қолданбалы программалар мен ақпарат ағындарын қатар өңдеуге пайдалану (егер қолданбалы программалар жеке орындалатын компоненттерге жіктелсе, соларды да қатар орындау) қасиеті.
Көппроцессорлық өңдеу – компьютерде бірнеше процессорлардың қатар жұмыс атқаруы, олардың әрқайсысын бір-бірден, бір мезгілде бірнеше есептерді орындауға болатынын көрсетеді. Тұтынушылардың интерфейстерін (сұхбаттасу элементтерін) қолдану бағытына сәйкес Windows графикалық жүйеге жатады. Ал графикалық емес операциялық жүйе мысалы ретінде бұрынгы MS DOS жүйесін айтса болады.
Windows компьютер іске қосылысымен автоматты түрде жүктеліп жұмысқа кіріседі. Ол үшін ОС дискінің арнайы бір бөлігіне жазылып, оны жүктейтін программалық код та бірге жазылады.
Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері. Тұтынушы интерфейсі.Windows жүйесі мен тұтынушы арасындағы мәлімет алмасу ортасы(интерфейсі)төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:
· Жанама немесе контекстік меню(тышқан оң жақ батырмасын шерту арқылы шығады);
· Windows қолданбалы программаларының меню жүйесі;
· Windows анықтамалық жүйесі.
Windows98/2000 жұмыс үстелі. Windows экраны жұмыс үстелі деп аталатын алғашқы көріністен, яғни жүйелік обьектіден тұрады. Жұмыс үстелі-Windows жүйесінің басқа обьектілері мен басқару элементтері орналасатын графикалық орта. Алғашқы көріністе жұмыс үстелінде бірнеше стандартты белгішелер (значки) мен Тапсырмалар тақтасын (панель задач) көреміз. Белгішелер — Windows обьектілерінің графикалық бейнесі, ал тапсырмалар тақтасы — басқарудың негізгі элементтерінің бірі.көптеген командалар тышқан арқылы орындалады. Экранда тышқан сілтемесі (меңзері, курсоры) деп аталатын активті басқару белгісі тұрады. Обьектінің белгішесі — обьектінің графикалық бейнесі.
Windows файлдары және бумалар.Windows жүйесінде файлдарға қойылатын ат 255 символға дейінгі кез келген сөз тізбегінен тұрады. Файлдың атынан соң нүктемен бөлініп оның типі жазылады.
Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады.Жалпы атрибут файл қасиеттерін анықтайтын параметрлер, олар төртеу:
· Файл аты мен типі;
· Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі(дата мен уақыт);
· Файлдың байтпен берілген көлемі;
· Файлдың қорғаныс деңгейлері, олар оның маңыздылығын анықтайды:
o Архивті(Archive)файл-оқуға,өзгертуге,өшіруге болатын қарапайым файл;
o Тек оқу үшін (Read onlu) қолданылатын, өзгертілмейтін, көпшілік қолдануға арналған файл;
o Жасырын (Hidden) сақталатын, басқаларға көрсетілмейтін файл;
o Жүйелік (Sustem) файл-ол әрі жасырын, әрі тек оқылуға арналған комьпютерлік жүйеге керекті мәліметтер файлы;
Терезе құрылымы. Бума терезесінде төмендегідей міндетті түрде болатын элементтер орналасады:1.Тақырып жолы (Строка заголовка) – оның бойында Жүйелік батырма белгішесі (Cистемный значок), ашылған құжат пен оны ашқан программа аттары, терезе көлемін басқару батырмалары ( -жасыру,
-үлкейту,
-қалпына келтіру,
-жабу) орналасады, Меню жолы (Строка меню), аспаптар тақтасы (панель инструментов), Адрес жолы (Адресная строка), жұмыс аймағы (Рабочая область), Айналдыру жолақтары (Полосы прокрутки), Қалып-күй жолы (Строка состояния).
Файлдар құрылымымен атқарылатын әрекеттер.Бұларға файл құрылымы бойынша жылжу, программаны іске қосу, құжаттарды ашу, бумаларды құру, файлдар мен бумаларды көшіру және жылжыту, файлдар мен бумаларды өшіріп тастау немесе аттарын өзгерту, жарлық белгішелерін құру әрекеттері жатады.
Менің компьютерім жүйелік бумасы. Бұл бумада құжаттың немесе программаның жарлығын құру үшін объектінің белгісін керекті орынға тышқанның оң жақ батырмасы арқылы тасымалдау жүргізіледі немесе контекстік меню арқылы Жарлық құру (Создать Ярлык) командасы орындалады.
Сурет Менің компьютерім терезесі элементтері.
Проводник (Сілтеуіш) программасы. Бұл файлдар диспетчері категориясына кіретін қызмет ету прогаммасы.Ол файл құрылымы бойынша жылжу немесе оған қызмет ету үшін пайдаланады. Программа Пуск –Программы — Проводник командасы арқылы іске асады.
Файл құрылымы бойынша жылжу. Бұл әрекет керекті бума мен оның мазмұнын көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Программаны іске қосу және құжаттарды ашу.Бұл операция программаның оң жақ тақтасындағы программаның немесе құжаттың белгішесін екі рет шерту арқылы орындалады .
Бума құру. Жаңа бума құру үшін алдымен, Сілтеуіштің (Проводниктің) сол жақ тақтасынан жаңа бума ашылатын керекті дискіні (немесе буманы) таңдаймыз, яғни оны ашу керек. Содан кейін оң жақ тақтаға көшіп, белгішелерден бос аймақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, (немесе контекстік менюден) Создать- папку командасын орындаймыз.
Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру.Көшірме алынатын түпнұсқалықмәліметтің белгішесін оң жақтағы тақтада шертіп белгілеп алып, оны тышқан арқылы сол жақтағы тақтада орналасқан қабылдап алатын бумаға тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде Ctrl пернесі басылып тұрса, мәлімет көшіріледі де, ал Shift-басулы күйде болса әліметтер орын ауыстырып жылжып кетеді.
Файлдар мен бумаларды өшіру. Сілтеуіш программасының сол жақтағы тақтасында өшірілетін обьект орналасқан буманы тандап, ал оң жақтағы тақтадан керекті обьектіні белгілейміз. Сонан соң меню арқылы Файл-Удалить командасын немесе контекстік менюдегі Удалить командасын орындаймыз. Бұл әрекетті Аспаптар тақтасындағы командалық батырманы немесе Delete пернесін басу арқылы да орындауға болады. Обьектімен жұмыс істегенде алмасу буферін пайдалану.Windowsжүйесінде мәліметтерді бір программадан екінші программаға орын ауыстыру немесе көшіру үшін алмасу буфері деп аталатын қосымша жад қызмет атқарады.Алмасу буферімен жұмыс істеу принциптері:
1. Мәліметтердің түпнұсқасы орналасқан буманы ашамыз да, керекті обьектіні ерекшелеп белгілейміз;
2. Белгіленген обьектіні буферге қиып немесе көшіріп аламыз.
3. Қабылдауыш буманы ашып оған буфердегі обьектіні орналастырамыз.
Обьектілерді бейнелеу тәсілдері.Сілтеуіш және Менің компьютерім программасында обьектілерді терезе ішінде көрсетудің төрт түрі бар: ірі белгілер арқылы; ұсақ белгілер арқылы; тізім түрінде; кесте түрінде.
Обьектілерді реттеп орналастыру ісі деWindows жүйесінде төрт түрлі тәсілмен орындалады: Аттарын алфавит бойынша реттеу; Типтерінің атын алфавит бойынша реттеу; Файл немесе буманың құрылу мерзімі бойынша реттеу.
Бас меню құрылымы. Бас меню ішіне операциялық жүйе басқаруындағы барлық программалар мен құжаттарды орналастыруға болады. Оның негізгі сатысының құрамын міндетті түрде және айнымалы түрде орналасатын мәліметтер деп екіге бөлу қалыптасқан. Айнымалы бөлім айыру сызығынан жоғары орналасады.Оның құрамдын тұтынушы өз еркімен құра алады.
Windows программаларын орнату және алып тастау.Ол үшін Басқару тақтасы (Панель управления) бумасындағы Установка (Орнату) және Удаление программ програманы алып тастау жарлықтары қолданылады.Қолданбалы программаларды орнатудың стандартты құралдары Олар Пуск (Жіберу) – Настройка (Баптау)- Панель управления (Басқару панелі) -Установка (Орнату) командасымен іске қосылады.
Windows программаларын алып тастау.Свойства (Қасиеті) диалогты терезе құралдарымен іске асырылады: Установка (Орнату) және Удаление программ.
Жабдықтарды орнату. Жабдықтар аппараттық және программалық болып екіге бөлінеді.
Программалық жабдықтар орнату. Басқару тақтасы терезесіндегі Установка оборудования (Жабдықтарды орнату) белгісін екі рет шерту арқылы жіберіледі. Жаңа жабдық компьютер өшіп тұрған кезде қосылады.Егер өзі орнатылатын құрылғы болса, онда ол автоматты түрде білінеді, белгісіз құрылғы анықталады деген хабар тиісімен, операциялық жүйе ол үшін драйвер таңдап бастайды.
Нег.әдеб. 4 нег. 30, 7 нег. 35
Қос.әдеб. 2 қос. 11, 3 қос. 27
Бақылау сұрақтары:
1. Операциялық жүйелердің атқаратын қызметі?
2. Кең қолданылып жүрген операциялық жүйелер қандай ?
3. Магнитті дискілер қалай белгіленеді? В: дискісі неге қолданылмайды?
4. Файл дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Windows-те неге файл типі сирек қолданылады?
5. Файл атрибуттары деген не? Оларды атап шығыңыздар ?
6. Файлды топтап белгілеу үшін қандай символдар қолданылады?
7. Каталог пен буманың және каталог пен файлдың айырмасын айтып беріңіздер?
8. Бұтақ тәріздес файл құрылымы деген не?
9. Файл маршруты қалай құрылады?
10.Файл маршрутындағы диск аты неге кейде көрсетілмейді?
11. Windows жүйесінің ерекшеліктері.
Windows жүйесінің негізгі обьектілері және тәсілдері қандай?
Windows терезесі элементтері құрамы.
Файл дегеніміз не? Файл құрылымы қалай ұйымдастырылған?
Менің компьютерім және Сілтеуіш программаларының ұқсастығы мен айырмашылығы.
Басты менюдің қызметі және құрылымы?
Windows спецификасының ерекшеліктері және Windows программаларын орнату және алып тастау операциялары.
Windows қолданбаларын мен құрылғылары орнату
1.Windows қолданбалары.
Windows операциялықжүйесінде қолданбалы программаларды орнатудың бірнеше тәсілдері бар. Соның ішінде басқару панелінде орналасқан программаларды орнату және жою таңбашасын қолдануға негізделген ( пуск→настройка→панель управление) Windows қолданбаларын орнатудың стандартты құралдарын іске қосу ( пуск→настойка→панель управление→установка и удаление программ ) командасымен іске қосылады. Көрсетілген программаны екі рет шерткен соң қасиет (Свойства:установка и удалениепрграмм) сұхбат терезесі ашылады. Кез-келген программалық құрылғыны орнату үшін осы терезенің ( установка удаление ) сұхбат терезесі ашылады.
Қолданбалы программаны орнату ( добавит уда ление ) батырмасын шерту арқылы басталады. Осыданкейін ( мастер установки) қосымша программасы іске қосылады.Обор батырмасының көмегімен Setup exe файылын тауып алып, готова батырмасын басу керек .
2.Құрылғыларды орнату құралдары.
Құрылғыларды орнатудың негізгі құралы басқару панелі (панель управление) қаптамасының терезесіндегі құрылғыларды орнату ( Установка оборудование ) таңбашасын екі рет шертуарақылы іске асды. Оның көмегімен көптеген құрылғыларды орнатуға болады. Бірақ барлығын емес. Мани тор драйверін орнату үшін келесі команданы орнату керек. Іске қосу → Настройка → Панель управление → Экран → Настройка → Дополнително → Манитор→Изменить .
Бейне адаптердің драйвері осылайша ауыстыруға бголады.
Принтерді орнату үшін Пуск → Настройка принтерий →Установка принтера командасын орындау қажет.
Модемдерді орнату үшін Пуск → Настойка панель управление → Модемы. Бірақ құрылғылардың көп бөлігі үшін әмбебап орнату құралы ( мастер установки обородование) болып табылады. Ол басқару қаптамасы терезесінен құрылғыларды орнату ( Установка обарудование ) бөлігіне екі рет шерту арқылы іске қосылады.
Windows операциялық жүйесін баптау.
Windows операциялық жүйені баптаудың көптеген мүмкіндіктеріне ие болып отыр. Баптаудың мақсаты операцияларды автоматтандыру және қолайлы жұмыс ортасын туғыза отырып жұмыс істеудің ең тиімді жакқтарын қалыптастыру .
Негізгі бапталатын объектілер басқару және безендіру құралдары. Баптау құралдарына келесі элементтер жатады.
- Басқару панелінің қаптамасы( Пуск→Настройка→Панель
- Windows объектісінің жанама менюі.
- Операциялық жүйенің сұхбат терезесінің басқару элементтері.
Жұмыс столының фонын баптау .
Ол үшін басқару панелін (Панель управление ) терезесінен экран таңбашасын таңдап алсақ (Свойства: экран) сұхбат терезесі ашылады. Сұхбат терезесінің фон қыстырмасына кіріп оның параметрлерін өзгертуге болады.
3.Бас менюдің құрылымы .
Бас меню Windows-98 операциялық жүйенің негізгі басқару элемнттерінің бірі. Оны іске қосу Пуск батырмаларын шерту арқылы іске асырылады. Бас менюдің көмегімен операцилық жүйенің орнатылған барлық прогаммаларды іске қосуға болады. Басқару элементі осы бас мсиюінде орналасқан. Бас меню екі бөлімнен тұрады. Міндетті түрде енетін программалар және еркімізше құрған программалар .
WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТТЫ ПРОГРАММАЛАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Windows –тың стандартты қосымшалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Windows –тың стандартты қосымшалары туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: ғылыми көзқарастарын кеңейту, Ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
IІI. Жаңа сабақты түсіндіру
Windows операциялық жүйесі қолданушыға ортаны баптауға арналған көптеген құралдарды ұсынады. Олардың барлығы Панель управления бумасында орналасады. Оны шақыру негізгі меню арқылы орындалады Пуск/Настройка/Панель управления. Барлық құралдарды екі топқа бөлуге болады.
1-жүйелік баптауға арналған құралдар класы – құрал-жабдықтарды баптауға және қосымшаларды орнатуға арналған: программаны орнату және өшіру, екі немесе одан да көп монитор қосу, құрал-жабдықтар орнату, тестілеу, конфигурациялау.
2- қолданбалы интерфейсін баптауға арналған құралдар — жүйенің сыртқы түрін өзгертуге арналған: уақыт және мерзімді орнату, жұмыс үстелін безендіру. Windows операциялық жүйесімен коса қамтамасыз етілетін мұндай бағдарламаларды стандартты багдарламалар деп атайды.
Windows 7-нің негізгі cтандартты программалары:
1) программа-көрсеткіш Проводник,
2) графикалық редактор Paint,
3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad
4) Калькулятор
5) Адрестік кітап
6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,
7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,
9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).
Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.
( Стандартты бағдарламаларға WordPad -мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Раіпt бағдарламасы кіреді. Құжаттар мен мәтіндерді дайындау — дербес компьютерлерді пайдаланудың кең таралған жолының бірі. Бұл салада компьютерлер тек баспа машинасының ролін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, көптеген қосымша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және ұшан теңіз жұмыстарды шығармашылық еңбекке айналдырады. WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік кұжаттарды құру мүмкіндігін береді. WordPad құжатында мәтін мен абзацты форматтауға, шекараларын жылжытуға, шегіністерді орнатуға, әр түрлі қаріптерді пайдалануға, графикалық бейнелерді, дыбыстық үзінділерді және бейнеклип қоюға болады. )
1. Блокнот мәтіндік редакторы
Блокнот — кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды.
Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік құжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.
Көптеген әрекеттерді пернетақтаны жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:
CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
CTRL + O — ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G — өту
CTRL + S — сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A — барлығын белгілеу
CTRL + P – басу CTRL + V – қою
CTRL + Z – болдырмау CTRL + F — табу
2. WordPad мәтіндік редакторы.
Word Pad– редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан маман дандырылған мәтіндік редакторға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу болып келеді.
Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны — құжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол — шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.
WordPad құжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.
WordPad программасы кұрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:
CTRL + N – кұру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P –басу
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + F – табу
CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)
CTRL + А – барлығын белгілеу
3. Калькулятор
Калькулятор — программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік клькулятор болып табылады. ]
Калькулятор программасы стандартты (қалыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.
Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.
Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* — көбейту, / — бөлу, + — қосу, — — алу, sqrt — квадрат түбір табу, % — пайыз табу, 1/х — кері шаманы есептеу, үтір — бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- — санның таңбасын өзгерту, = — есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:
С — жаңа есептеуді бастау
СЕ — терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,
МС — жадыдағы санды өшіреді,
МК — жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,
МS — калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,
М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,
Васкsраsе — кейінгі терілген цифрды өшіреді.
Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін жоғарғы сол жақ бұрышта «М» әріпінің пайда болуы көрсетеді.
4. Сілтеуіш (Проводник)
Сілтеуіш — программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.
Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.
Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың құрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын құрылымы осы тақтада көрсетіледі.
Сол жақ тақтада бумалар деңгейлерінің иерархиялық құрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы «+» белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі «-» ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның құрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.
Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою
CTRL + А- бәрін белгілеу
5. Графикалық редактор Раіnt .
Paint (Paintbrush) — Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.
Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді құру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттің көшірмесін Раіntта әрі қарай өңдеуге алуға болады. Раіntта құрылған суретті басқа құжаттарға қоюға немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.
Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.
CTRL + N – құру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P – басу
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + Y- қайталау
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + А – бәрін белгілеу
CTRL + Т- саймандар
CTRL + L – палитра
CTRL+ F- суретті көру
CTRL+ R- шағылыстыру/бұру
CTRL+ W- созу/еңкейту
CTRL+ I- қарсы түске өзгерту
CTRL+ E- атрибуттар
Windows –тың стандартты қосымшаларына енлер жатады екен?
Блокнот қандай программа ?
Калькулятор жұмыс істеу принципі қандай ?